
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен (әрі қарай - Департамент) бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 24 қарашасында Департаменттің ғимаратында семинар - жиналыс өткізілді. Іс-шараға Департаменттің қызметкерлері және Жамбыл облысы бойынша жарылыс жұмыстарымен айналысатын қадағалаудағы кәсіпорындардың жарылыс жұмыстары басшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлері қатысты. Департаменттің тау-кен техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығымен бекітілген «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 843 бұйрығымен бекітілген «Жарылғыш және пиротехникалық (азаматтық қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы, «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қатысушылар назарына Департамент басшылығымен түсіндіру жүргізілді.

