Жарақаттанудың өсуіне жол берген қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік бақылау деңгейін жоғарылату» тақырыбы бойынша техникалық кеңестің отырысы

Жарақаттанудың өсуіне жол берген қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік бақылау деңгейін жоғарылату» тақырыбы бойынша техникалық кеңестің отырысы

Ағымдағы жылда қараша айында «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ «Жарақаттанудың өсуіне жол берген қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік бақылау деңгейін жоғарылату» тақырыбы бойынша техникалық кеңестің отырысы өткізілді.

Осы отырыста металлургия саласының өнеркәсіптік кәсіпорындардың «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Алюминий Казахстана»  АҚ, ПФ «Кастинг» ЖШС, ПФ «KSP Steel» ЖШС, «Казэнергокабель» АҚ жауапты қызметкерлері және басшылары қатысты.

Отырыс барысында кәсіпорынның басшылары қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіз функциялануын қаматамасыз етуге, апаттар мен оқиғаларды ескерту мен олардың салдарын жою дайындығын қамтамасыз  етуге арналған жұмыстарды хабарлады.

Техникалық кеңес отырысының қорытындысында металлургиялық кәсіпорындардың қауіпті өндірістік объектілерінде жарақаттанудың өсуіне жол бермеу мақсатында, өндіріс процесін ұйымдастырудың бақылауын күшейтуге және өндірістік пен еңбек тәртіптерін көтеруге ұсыныс жасады.