"ӨК" АГФ Групп" ЖШС- төсек-орын жабдықтарын экспортқа бағыттайтын Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған тігін кәсіпорны. Компания тігін өндірісі саласында 10 жылға жуық жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде оның шығаратын өнімдерінің қатары өте кең болды –бүркемелеу желілерінің жиынтығынан бастап мектеп формасына дейін. Алайда 2015 жылы IKEA швед компаниясымен келісім-шарт жасалғаннан кейін ресейлік дүкендер үшін төсек-орын жабдықтарын жеткізуге мамандандырыла бастады.
IKEA компаниясының жеткізушісі атану үшін отандық фабрика сертификаттау мен аудиттердің ұзақ жолынан өтті. Фабрика қызметкерлері ақпараттың үлкен көлемін зерделеп, бәсекеге қабілетті бағаны ұсына алды, бұл жаңа жабдықтарды сатып алу, қызметкерлерді оқыту, өндірісті сауатты басқару және "Оңтүстік" АЭА-да орналасу есебінен мүмкін болды. "АГФ Групп" тиімді географиялық орналасуының арқасында шикізат жеткізушілердің негізгі нарықтарына – Қытай, Үндістан, Пәкістан, Түркия және т.б., сондай – ақ өткізу нарықтарына-Ресей және ЕО елдеріне қол жеткізе алады.
Қазіргі кезде компания қарқынды дамып келеді. Бүгінде фабриканың жалпы өндірістік қуаты күніне 10 мың бұйымды құрайды және бұл көлемнің 90% - ы экспортқа шығарылады.
Сонымен қатар, отандық фабрика Еуразиялық қайта құру және даму банкінің көмегімен ARUA және SUAVE атты өз брендтерін ұсынды. Өнімдер 100% экологиялық таза мақтадан жасалған және Еуропалық сапа стандарттарына сәйкес келеді. Жалпы, бұл төсек-орын жабдықтары ішкі нарықта ұсынылған, ал ағымдағы жылдан бастап компания ресейлік нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Өнім сапасының жоғары деңгейіне сапалы шикізатты, заманауи дизайн мен төсек-орынның үлкен көлемін пайдалану есебінен қол жеткізіледі. Өндіріс өз кезегінде үш негізгі жүйеге негізделген: қазіргі заманғы технологиялар, жаңа жабдықтар және жоғары білікті қызметкерлер.
Бүгінгі күні фабриканы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының табысты жобаларының бірі деп атауға болады, оның арқасында Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп саласы сапалы түрде жаңартылды. Ел өңделген тауарлардың экспортын ұлғайта отырып, әлемдік нарықта неғұрлым бәсекеге қабілетті болды. Өз кезегінде бұл оның шикізаттық сипатын өзгерте отырып, бүкіл экономикаға қуатты серпін береді.
Мекен-жайы: Шымкент қ., Еңбекші ауданы, № 264 орам, 280 ғимарат
"Оңтүстік" АЭА”