«Нұр Отан» партиясының Бастауыш ұйымдары арасында «Даму» БПҰ екінші орынды иеленді

«Нұр Отан» партиясының Бастауыш ұйымдары арасында «Даму» БПҰ екінші орынды иеленді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында партияның Астана қалалық филиалының Бастауыш партия ұйымдары арасында «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының екінші кезеңінің қорытындысы шығарылды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «БПҰ-дан партия құрамында 100-ден 500 мүшесі бар » «Бірлік» филиалы «Даму» БПҰ екінші орынды иеленді. 

«Даму» БПҰ-ның Төрағасы Министрдің жауапты хатшысы Замир Сағынов. Партия мүшелерінің тізімде тұрғандардың жалпы саны - 444.

Байқау  ұйымдастырушылары 2017 жылы «Даму» белсенді БПҰ-ның жұмыстарын саралады. Атап айтқанда, «Ардагерерді Ардақтайық», «Жеморлықсыз ел-Гүлденген ел», «Сәтті қадам», «Бақытты отбасы» - «Бақытты балалық шақ» жобаларына және бұдан басқа «Даму» БПҰ мүшелері «Қан тамшысы - құтқарылған өмір!» акциясына және тағы басқа да қайырылымдық іс-шараларына белсене қатысты. Сондай-ақ, партия мүшелері биыл қазан айында өткен «Бірлік» филиалының төрағасы Кубогына арналған шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша өздерінің шеберліктерін көрсетті.

Байқауға БПҰ 3 санат бойынша қатысты. Олар мынадай: 1 санат – БПҰ-ның 100 партия мүшелері; 2 санат - партия мүшесінің 100-ден 500-ге дейінгі мүшелері, 3-ші санат –БПҰ-ның 500  мүшесі және одан да көп партия мүшелері. Конкурстық ережелерге сәйкес, партиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу, партия жұмысында ұйымдастыру, партия жұмысында жаңа тәсілдерді қолдану, азаматтық бастамаларды іске асыру, БПҰ-ның бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, жастармен жұмыс істеу және БПҰ жетекшісінің бағалауы.