«Оркен» ЖШС Лисаковск филиалында қауіпті өндірістік объектілерінің өндірістік қауіпсіздік саласында айрықша тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

«Оркен» ЖШС Лисаковск филиалында қауіпті өндірістік объектілерінің өндірістік қауіпсіздік саласында айрықша тәртіп бойынша тексеру жүргізілді

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрлігінің индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен 2017 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, 2017 жылдың 24 қазанынан 17 қараша аралығында «Оркен» ЖШС Лисаковск филиалында қауіпті өндірістік объектілерінің  өндірістік қауіпсіздік саласында айрықша тәртіп бойынша тексеру жүргізілді.

Өткізілген тексеріс нәтижесі бойынша өндірістік қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілердің 93 құқық бұзушылығы анықталды.

Жіберілген құқық бұзушылықтар үшін заңды тұлға (100 АЕК 2 айыппұл)  және жеке тұлға 5 АЕК (қысқартылған түрде) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткізілген тексеріс қорытындысында кәсіпорынның инженерлік техникалық жұмыскерлері және басшыларымен жиналыс өткізіліп, анықталған құық бұзушылықтар және оларды жою бойынша іс-шаралар талқыланды.