
Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан экономикасына жаңа инвестиция тартуға арналған Kazakhstan Global Investment roundtable (KGIR) іс-шарасына алғаш рет ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлемдегі ірі компаниялардың жоғары деңгейдегі жетекшілерін Қазақстан Үкіметімен ашық диалог өткізуге жинады.
Астанадағы іс-шараға әлемнің 30 елінен Nasdaq, Mitsui & Co., Master Card, Yildirim Holding, World Bank, COSCO Shiping, COFCO, China Gezhouba International Engineering, Calik Holding, Alstom, Aberdeen Standard Life, Tokyo Rope, Marubeni, ENI, Farm Frites, РОСАТОМ, Cottonex, Air Liquide, CIS-Airbus Group сияқты 150-ден астам халықаралық компанияның өкілдері мен жетекшілері келді.
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның бүгінде технологияның екпінді заманауи даму тегеуріндеріне дайын екенін және әлемдік экономикада лайықты орын иелене алатынын атап өтті.
Жыл басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның экономикалық дамуының кешенді стратегиясы – «Модернизация 3.0» туралы жариялады. «Қазақстанның экономикалық реформаларының бағдарламасы: «Тегеуріндер мен мүмкіндіктер» пленарлық отырысында, қатысушылар осы реформаны жүзеге асыру барысында ел алдына қойылатын міндеттер мен Қазақстан экономикасының алдында ашылатын келешекті талқылады. Пікірталас қатысушылары қазіргі экономикалық салаларды жаңғыртып, жаңасын құру үшін Қазақстанда қолдануға болатын жаһандық трендтерді талқылады. Сондай-ақ, қазақстандық бастамаларды жүзеге асыруға халықаралық бизнес-қауымдастықты тарту үшін инвестициялқ климатты жетілдіру ұсыныстары қарастырылды.
«2014-2016 жылдардағы қиындықтардан кейін әлемдік өзгерістерге байланысты біздің елдің экономикасы тұрақтанды. Атқарылған іс-шаралардың арқасында биыл 10 айдың қорытындысы бойынша ІЖӨ өсімі 4,0%-ды құрады. Негізгі капитал инвестициясы қалыпқа келуде. Қуанатын бір жайт, көптеген жылдардан кейін алғаш рет жекеменшіктер мемлекеттіктерден асып түсті. Бұл өте жақсы белгі. Осылайша, еліміз әлемдік жаңа өзгерістерге толық бейімделді, деп айта аламын. Біз экономикалық өсім жолына түстік», - деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев.
«Қазақстанның өндірістік-экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымына жеке инвестиция салу: өсуді ынталандыру» тақырыбындағы кезекті панельдік пікірталас Еуропа мен Азияны байланыстырушы ел ретінде Қазақстанның транзиттік әлеуетіне қатысты мәселелерді көтерді. Географиялық орналасу жағдайының арқасында Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттырудың тамаша мүмкіндігі бар. Ол үшін логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтіп, телекоммуникациялық желілерді дамыту керек және денсаулық сақтау, білім тәрізді әлеуметтік салаларға көп көңіл бөліп, өнеркәсіпке жаңа озық технологияларды енгізу қажет.
«Индустрия 4.0 – Қазақстанның экономикалық жаңғыруының жаңа кезеңі» панельдік пікірталасында қатысушылар қазақстандық кәсіпорындарға өнеркәсіп интернетін қолдануға, 3D баспаға, робототехникаға, ауқымды деректерді талдауға, жасанды интеллектіге үйренуге және басқаларына қатысты алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады. Пікірталас қатысушылары нормативтік реттеу және Қазақстанға заңнамалық деңгейде технологияны енгізуге жағдай жасауға қатысты мәселелерге жеке-жеке тоқталды.
Бақытжан Әбдірұлының атап өткеніндей, инвестицияның жоғары деңгейлі әлемдік бәсекелестік жағдайында Қазақстан әр инвестор үшін талмай күресуге дайын. Сол үшін бизнесті жайлы жүргізуге барлық жағдай жасалған:
Онымен қоса, KGIR алаңында үкіметтік брифингтер өтіп жатыр. Оннда келесі басым бағыттардың мәселелері талқылануда:
Энергетика саласын дамыту келешегі.