
Бүгін Kazakhstan Global Investment roundtable (KGIR) аясында жалпы сомасы 3 млрд. 275,3 млн. АҚШ доллары болатын бірқатар келісімдер мен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен «Алсим Аларко - Макойл - СК - Кореян Экспресс Вэй» Консорциумының Бас өкілі Хакан Айтекин «Үлкен Алматы автомобиль айналма жолы» жобасы бойынша консорциуммен келіссөздер қорытындысы туралы хаттамаға қол қойды.
Сондай-ақ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының учаскесінде «Нұр Жолы» автокөлік бақылау пунктін құру бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы «Air Liquide» халықаралық компаниясымен «ПМХЗ/АМХЗ қажеттіліктері үшін техникалық газ өндіру» жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына, «Carmeuse» компаниясымен «Жоғары сапалы әк өндіру зауытының құрылысы» жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумына, «YildirimHolding» түрік холдингімен кальцилендірілген сода өндіру жобасы бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.