2005 жылдан бері ТМК-не 34,2 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылды

2005 жылдан бері ТМК-не 34,2 млрд. доллар шетелдік инвестиция тартылды

ҚР Инвестициялар және даму мирнистрі Жеңіс Қасымбек Kazakhstan Global Investment roundtable (KGIR) алаңында тау-кен металлургия кешенінің инвестициялық мүмкіндіктері бойынша үкіметтік брифинг өткізді. Халықаралық компаниялар мен сарапшылар алдында баяндама жасаған министр саланың Қазақстан экономикасындағы айрықша маңыздылығын атап өтті.

«ТМК өнеркәсіп өндірісінің 20 %-дан астамын және экспорттың 21%-н қамтиды. Сонымен бірге, индустриалдық өндіріс құрылымында өңдеуші сектордың қарқынды өсуі ұлттық индустриялық саясаттың басымдығы болып саналады. Металлургия өнеркәсібін дамыту – индустриялық саясаттың ұзақ мерзімді басымдығы. Базалық сала ретінде - аралас және қосалқы жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, ТМК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторларының бірі  - цифрландыру, нақтырақ айтқанда Индустрии 4.0 элементтерін енгізу.

Министрдің келтірген дерегі бойынша, 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 250 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Оның 13,5%-ы, яғни, 34,2 млрд. доллары тау-кен металлургия кешеніне тартылған.

Сондай-ақ, Жеңіс Қасымбек еліміздегі инвестициялық климатты жақсарту мақсатында жүргізілген шаралар туралы айтты.

«Инвесторларды тарту және қолдау үшін біздің елде бұрын-соңды болмаған шаралардың жиынтығы бар. Олар: инвестициялық субсидиялар, заңнаманың тұрақтылығы, салықтық преференциялар және т.б. Басым салалардағы инвесторлар корпоративтік табыс пен жер салығынан 10 жыл мерзімге, мүлік салығынан 8 жылға босатылады. Сонымен қатар, инвестиция тарту тетіктерінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі инвесторларды бизнес жүргізу үшін дайын алаңдармен қамтамасыз ету мәселесі де қарасытырылған. Осы мақсатта еліміз бойынша 11 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриалды аймақ жұмыс істейді»,-деді министр.

Қазақстанда тұжырымдамалық және «серпінді» жаңалықтар енгізуді қамтитын үздік әлемдік тәжірибелердің негізінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы жаңа Кодекс жобасы әзірленді.

Шикізат пен металдардың басты тұтынушысы – Қытайдың географиялық жақындығын ескере отырып, сондай-ақ, елдер арасында «Жібек жолы» экономикалық белдеуінің көлік инфрақұрылымын дамытып отырған Қазақстанның минералды шикізатты және олардың өнімдерін өндіруден үлкен жетістікке жету мүмкіндігі зор.

Баяндамасының соңында ҚР Инвестициялар және даму министрі сессияға жиналғандарды 2018 жылы Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресіне қатысуға шақырды.