Павлодардағы «Каустик» кәсіпорны Ресейге сұйық хлор және тұз қышқылын экспорттап отыр

Павлодардағы «Каустик» кәсіпорны Ресейге сұйық хлор және тұз қышқылын экспорттап отыр

«Каустик» АҚ - қазақстандық және халықаралық сапа талаптарына сәйкес келетін заманауи химиялық өндіріс ошағы. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және импорт алмастыру жөніндегі бағдарлама шеңберінде 2011 жылы "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының негізгі кәсіпорны ретінде мембраналық технология бойынша хлор-сілтілі өнім өндіретін жоғары технологиялық химия зауыты салынды. Жобаға 108 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды.

Бүгінгі таңда "Каустик" АҚ - каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоритін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыт өнімдері өнеркәсіптің негізгі салаларында және елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету салаларында қолданылады. Атап айтсақ, каустикалық сода тау-кен, металлургия, мұнай-газ, энергетика және химия салаларының кәсіпорындарында қолданылады. Жобалық қуаты жылына 30 мың тонна. Тұз қышқылы мұнай-газ, энергетика және химия салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады. Жобалық қуаты жылына 45 мың тонна. Сұйық хлор жылу және сумен жабдықтау, металлургия, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындарында қолданылады. Жобалық қуаты жылына 26 мың тонна. Натрий гипохлориті жылу және сумен жабдықтау, металлургия және химия салалары кәсіпорындарында қолданылады. Жобалық қуаты жылына 6 600 тонна.

Сондай-ақ, "Каустик" АҚ Ресей нарығына сұйық хлор және тұз қышқылын экспорттайды.  

Хлор және каустикалық сода өндірісінде қазіргі заманғы және тиімді мембраналық технология қолданылады. Ол жоғары уытты сынапты қолданбай, ескі технология сияқты қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Технологияны таңдау кезінде хлор мен каустикалық сода өндірудің түрлі электрохимиялық процестерін ас тұзы ерітіндісін электролиздеу әдісімен дамыту және жетілдірудің әлемдік тәжірибесі ескерілді. Мембраналық әдістің негізгі артықшылықтары - экологиялық тазалығы, энергия ресурстарын үнемдеуі, алынатын өнімдердің жоғары сапасы және пайдалану қолайлылығы.

Қазақстанда хлор және каустикалық сода өндірісін мембраналық әдіспен пайдаланудың өнеркәсіптік тәжірибесі жоқ. Тиісінше оған арналған қондырғы Қазақстанда алғаш рет құрылды. "Uhdenora S.p. A." компаниясының мембраналық электролизерлер, хлор мен каустикалық сода өнідур технологиясы Еуропа, Қытай, АҚШ, Аргентина, Иран және Түркияда табысты пайдаланылады. ТМД аумағында оған ұқсас өндірістер Ресейде, Украинада және Өзбекстанда бар.

Қазір әлемді жайлаған коронавирус пандемиясы кезінде кәсіпорын өндіретін натрий гипохлориті ерекше маңызға ие. Көшелерді, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, ауруханаларды, балабақшаларды және т. б. өңдеу үшін тиімді залалсыздандыру құралы ретінде қолданылады. "Каустик" АҚ өнімі Қазақстанда сертификатталған. Өнімнің сапасы мен тиімділігін, сондай-ақ 100% қазақстандық қамтуды растайтын барлық қажетті құжаттары бар.

 

Мекен-жайы: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 28/1 құрылыс

+7 (7182) 73-12-01

+7 (7182) 73-12-04

info@caustic.kz