
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының келіссөздер алаңында (ICAN-2017) ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетініңделегациясы Финляндияның авиациялық билігімен және Finn Air әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Finn Air әуе компаниясының тасымал құқығын беру және саяси мәселелер бойынша Бас менеджері Лаури Тиерали Астана мен Хельсинки бағытындағы тікелей әуерейстерін жалғастыру туралы келісімге келді. Естеріңізге сала кетейік, бұл бағыттағы әуе рейстер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында ашылып, өте жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Көрмені өткізу кезеңінде бұл бағыттағы рейстердің жүктемесі 90%-дан асты. Осыған байланысты, келесі жылдың жазынан бастап Астана – Хельсинки бағыты бойынша әуе қатынасы жалғастырылады. Аталған шешім «Астана» халықаралық қаржы орталығының дамуына өз үлесін қосатын болады.