
Қостанай қаласында «Қостанай облысының жер қойнауын пайдаланушыларымен, ұлттық холдингтермен және компаниялармен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі (ТЖҚ) қазақстандық қамтуды арттыру» тақырыбында конференция өтті.
Конференция облыстық әкімдікте «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» Акционерлік қоғамымен бірлесіп өткізілді. Кездесу барысында аймақтағы қазақстандық қамту мәселесі, оны жетілдіру құралдары және оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
«NADLoC» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Дмитрий Усовтың айтуынша, отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін одан әрі дамытуға және жергілікті қамтуды дамытуға ДСҰ талаптарына қайшы келмейтін шараларды әзірлеуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Ол, биыл Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және төрт ірі кәсіпорын («АрселорМиттал Теміртау» ЖШС, «Еуразиялық группа» ЖШС, «Корпорация Қазақмыс» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС) арасында отандық кәсіпорындар өнімдерінің жаңа түрлерін дамыту туралы үш жақты келісімдер жасайтынын еске салды. 235 млн. АҚШ долларынан астам сомаға сұранысқа ие 1900-ден астам тауар тізбесі анықталып, тиісті отандық өндірушілер таңдалды.
Жаңа өнімдерді бірлесіп әзірлеу мәселелерін шешу үшін Алматы және Қарағанды облыстарының, Павлодар және Өскемен қалаларының кәсіпорындары үшін жұмыс кездесулері ұйымдастырылды.
Отандық кәсіпорындардың шетелдік жеткізушілермен бәсекелесуге, жалған өндірушілерді жоққа шығаруға және отандық тауар өндірушілерді интеграциялауға мүмкіндік беретін квазимемлекеттік секторды сатып алуларына алдын-ала квалификация енгізілді. 2017 жылғы қарашадағы жағдай бойынша 12000-ға жуық отандық кәсіпорын таңдалып алынды, олар өнімнің әлеуетті жеткізушілері болды.
Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев барлық қатысушыларды қазақстандық өнімді таңдауға және жергілікті қамтуды дамытуға барынша ықпал етуге шақырды. Оның айтуынша, әкімдік Қостанай облысының тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудағы жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдесу туралы хаттамалық шешім қабылдайды. Олардың ішінде - «жергілікті қамту» көрсеткішіне қол жеткізу үшін жергілікті қамтуды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдау және енгізу; мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын жобалар шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалануды ұлғайту, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін ұйымдар қазақстандық өнімдерді сатып алу мониторингін енгізу; отандық тауар өндірушілерге тұрақты сұраныс пен басқа да тауарларға қатысты ұзақ мерзімді кепілдік берілген тапсырыстар беру үшін жер қойнауын пайдаланушылармен, магистралдық кәсіпорындармен, ұлттық холдингтермен және компаниялармен келісім жасау.
«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Стратегиялық даму департаментінің директоры Ербол Беков отандық кәсіпорындарға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сатып алуларындағы қазақстандық үлесті дамытуға қолдау көрсету шаралары туралы, атап айтқанда, ТРУ-дың әлеуетті жеткізушісі болу үшін алдын-ала квалификациялау ережелері туралы айтты.
«Даму» КДҚ және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) даму институттары отандық тауар өндірушілерге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік қолдау шараларын және оларды қалай пайдалану керектігін хабарлады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, стратегиялық кәсіпорындардың, тау-кен және мұнай-газ секторларының жер қойнауын пайдаланушылары арасында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу 11 триллион теңгені құрады, жергілікті қамту үлесі 54% құрады. Сатып алудың ең көп көлемі ұлттық компанияларға – 43%, ал жер қойнауын пайдаланушыларға – 37% келеді.
Сонымен қатар, Қостанай облысында 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ТЖК сатып алудың жалпы көлемі 139,1 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде жергілікті қамту 45,1 млрд. теңге (32,5%).