
2017 жылдың 10 айында ҚР ИДМ Көлік комитетінің қызметкерлері қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде жасалған 993 заң бұзушылықты анықтады. Тасымалдаушылар төлейтін айыппұлдардың жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асады. Оның 31 миллион теңгесі төленген.
Қаупті жүктер қатарына жүкті тасымалдау кезінде өрт, уландырғыш, тотығу, жұқпа және радиациялық қауіп-қатерін туғызатын заттар мен өнімдер жатады.
1 (жарылғыш метериалдар), 6 (улы және жұқпалы заттар) және 7 (радиоактивті материалдар) санат жүктерін Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау арнайы рұқсаттама негізінде іске асырылады. Ол бір немесе бірнеше ұқсас тасымалға, белгілі бағдар бойынша қауіпті жүктер топтамасын тасымалдауға тегін және 6 айға дейінгі мерзімге беріледі.
Арнайы рұқсаттаманы алу үшін тапсырыс пен қажет құжаттарды тасымал жасар алдында 9 жұмыс күніне дейін беру қажет.
Жүргізушілерде кіру рұқсаты болуы керек және автокөлік құралдары бекітілген талаптарға сәйкес болуы қажет.
2017 жылдың басынан бері көлікті бақылау инспекциясы қауіпті жүк тасымалдауға арналған 7013 арнайы рұқсаттама берген.