ҚР ИДМ комиссиясы: МИ-2 тікұшағының әуе оқиғасына адами фактор себеп болды

ҚР ИДМ комиссиясы: МИ-2 тікұшағының әуе оқиғасына адами фактор себеп болды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті авиациялық оқиғаларды тексеру аяқталғаны туралы келесіні хабарлайды:

  1. 2017 жылғы 30 тамызда шаманы сағат 11.40-та Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданы Зевакино ауылдық акругінің маңында ұшуды орындау кезінде жеке кәсіпкерге тиесілі «Форсаж-СУ» мотодельталёті құлаған болатын (жер қыртысына соғылған). Құланған кейін мотодельталеттің ұшқышы (иесі) жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Бұл авиациялық оқиғаны тексеру үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына сәйкес тексеру комиссия құрылды.

Тексеру нәтижелері бойынша, мотодельталет жер қыртысына соғылып құлаған. Өйткені, ұшқышта ешқаңдай теориялық және практикалық тәжірибе болмаған;

  1. 2017 жылғы 22 қыркүйекте Ақмола облысы Ақкөл қаласында орман-авиациялық жұмыстарын атқарып, қонуға бет алған кезде «Тянь-Шань» авиакомпанисының Ми-2 тікұшағы құлап, жарамсыз болып қалған еді.

Бұл авиациялық оқиғаны тексеру үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына сәйкес тексеру комиссия құрылды.

Тексеру нәтижелері бойынша, тікұшақ түнде төбешікке соғылған. Бұл оқиға әуе кемесі командирінің қателігінен орын алған.

Оқиғаға ықпал еткен факторлар:

- тұрақсыз атмосфера жағдайында желдің ағыны әуе кемесіне кері әсер етуі;

-  ұшатын жердің жасанды және табиғи жарығының болмауы;

- оқыс оқиға орнындағы түтінге байланысты көру мүмкіндігінің нашарлауы;

- Ақкөл қону алаңы деңгейінде барометрлік қысым туралы нақты деректің болмауы.