Қазақстандық мамандар халықаралық CRIRSCO есептілік жүйесі бойынша оқытылды

Қазақстандық мамандар халықаралық CRIRSCO есептілік жүйесі бойынша оқытылды

Европалық қайта құру және даму банкінің бөлген гранты шеңберінде биыл CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар жөніндегі есептіліктің халықаралық жүйесі бойынша қазақстандық мамандар оқытылды. Оқу бағдарламасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Бағдарламасының 74-ші қадамында бекітілген CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар қоры жөніндегі есептіліктің халықаралық стандарттар жүйесімен таныстыру қарастырылған.

Семинар лекторлары «Жер қойнауы тәуелсіз сарапшыларының мамандандырылған бірлестігі» Қоғамдық бірлестігінің мүшелері: Николай Еньшин және Георгий Фрейман. Сонымен қатар, «Lloyd’s Register» және «Adam Smith International» компания бірлестігінің кеңесшісі, «Phoenix Consultants» басқарушы директоры және жетекші тау-кен инженері – Джон Стефан Уорвик (John Stephen Warwick) (Ұлыбритания).

CRIRSCO жүйесі бойынша өткен семинарға мемлекеттік органдардан, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардан, еліміздің барлық аймақтарындағы институттардан барлығы 166 маман қатысты.

Семинар аяқталғаннан кейін әр қатысушыға курс сертификаты берілді.