Қарағанды облысындағы өнеркәсіп нысандарына энергия тиімділік тетіктері енгізіледі

Қарағанды облысындағы өнеркәсіп нысандарына энергия тиімділік тетіктері енгізіледі

«Электр энергетикасы және энергия үнемдеу институты» АҚ Қарағандыда Германияның энергетикалық агенттігімен (dena) серіктесіп, Қазақстан Республикасының кәсіби Индустрияландыру күніне арналған семинар өткізді.

Биыл екі серіктес ұйым Қазақстанда энергия тиімділігі жөнінде «Энергия тиімділігі бастамасы» ақпараттық науқанын өткізді.

Бастаманың басым мақсатты топтарының бірі өнеркәсіп кәсіпорындары.

Іс-шара аясында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров пен Институттың Басқарма Төрағасы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қол қойылған меморандум аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мыналарды қамтиды:

- бірлескен сараптамалық, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша ғылыми зерттеулер;

-  энергия үнемдеуді ынталандыру және ғимараттар мен құрылыстардағы энергия тиімділігін арттыру тетіктерін енгізу;

- озық халықаралық технологияларды, инновацияларды және білімді трансферттеу;

- Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі жөніндегі келісімшарттар үшін МЖӘ және ЭСКО жобаларын іске асыру және техникалық қолдау;

Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық және нормативтік актілеріне ұсыныстар әзірлеу бойынша консультативтік көмек;

- облыстың мемлекеттік секторында энергия үнемдеу әлеуетін бағалау;

- жобаларды іске асыру үшін инвестициялар мен гранттар тарту;

- мемлекеттік энергия үнемдеу саясатының іске асырылуын қамтамасыз ету, Қазақстанда энергияны үнемдейтін жаңа технологияларды қолдану, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану;

- халықаралық конференцияларды, көрмелерді, тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;

- ақпараттық хабарламаларды арттыру және энергияны сақтауды жұртшылықты жеткізуіс-шараларын қамтамасыз ету.

Семинарға қатысушылар түрлі салаларда энергия тиімділігін арттыру үшін автоматтандыру жүйелерін, жаңғырту процесін және қалдықтарды кәдеге жарату жүйелерін, сығылған ауа сорғыларын және жарықтандыруды қолдану тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында барлық қатысушылардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі нақты ұсыныстардайындау туралы шешім қабылданды.