ҚР ИДМ-де ведомствоның құқықтық мәселелері талқыланды

ҚР ИДМ-де ведомствоның құқықтық мәселелері талқыланды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшы Замир Сағыновтың төрағалығымен министрліктің құқықтық қамтамасыз ету қызметі мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.

Онда министрліктің құқықтық мониторинг, норма шығармашылық және талап-арыз қызметтерінің мәселелері талқыланды.

ҚР ИДМ Заң департаментінің директоры Айдар Алиакпаров аталған бағыт бойынша департаменттің және комитеттердің 2017 жылғы қызметінің қорытындыларын шығарды. Сондай-ақ, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуде, нормативтік-құқықтық акт жобаларын дайындау жоспарын орындауда, қолданыстағы заңнамаға нормативтік-құқықтық актілерін уақытылы сәйкестендіруде және Министрліктің қатысуымен соттар қараған азаматтық істерге қатысты проблемаларды атап өтті.