Мәжілісте «Стандарттау туралы» жаңа Заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте «Стандарттау туралы» жаңа Заң жобасы таныстырылды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Стандарттау туралы» жаңа заң жобасын таныстырды.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта техникалық реттеу жүйесінен стандарттаудың жекелеген қоғамдық қатынас салаларына кешенді түрде көшу қажет.

«Техникалық реттеу мен стандарттау түрлі заңнамалық актілермен,  «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы және салада ұсынылып отырған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы арқылы регламенттелуі тиіс. Біз «қазақстандық-бизнес-тұтынушы» «тең» құқықтық қатынастары бар ұлттық стандарттау жүйесін құруда қазақстандық үлгінің үйлесімділігін көріп отырмыз», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Жаңа Заң жобасы бойынша бірыңғай оператор болатын стандарттау жөніндегі Ұлттық органды құру ұсынылады.

«Дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, біз барлық стандарттау процестерін үйлестіріп, мүдделі тараптардың теңдігі қағидатына негізделген стандарттарды қабылдау үшін жағдайлар жасайтын Стандарттау жөніндегі ұлттық органды құрамыз.  Оның жұмыс нәтижесі бойынша ішкі және сыртқы нарықтарға шығу үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыратын стандарттар болуы керек», - деді министр.

Ұлттық орган үкімет белгілеген критерийлер негізінде, оның ішінде стандарттарды әзірлеу және талдау тәжірибесінің, халықаралық стандарттар ұйымдарымен келісімдердің болуын анықтайтын және қосымша қаржыландыруды талап етпейтін мемлекеттік заңды тұлға болады.

Сондай-ақ, жаңа Заң жобасында техникалық комитеттердің жұмысын транформациялау, салалардағы стандарттарды талдау функцияларын жүзеге асыру, мүдделі тараптармен функционалдық өзара іс-қимылдарды белгілеу, ұлттық стандарттардың жобаларын техникалық талқылау, стандартты жүзеге асырудың техникалық дайындығын айқындау, техникалық талаптардың қайталануын жою, заңнаманың сақталуын тексеру және зерттеу ұсынылады.

Парламент Мәжілісінің Пленарлық отырысы барысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.