ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «QazIndustry» АҚ 10 жылдық мерейтойымен құттықтауы.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «QazIndustry» АҚ 10 жылдық мерейтойымен құттықтауы.

Құрметті әріптестер!

Мен үшін индустрия саласындағы мемлекеттік қолдау шараларын дамыту және көрсету саласындағы негізгі ұлттық институт болып табылатын «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «QazIndustry» АҚ-ның 10 жылдық мерейтойымен құттықтау ерекше мәртебе!

«QazIndustry»-дың 10 жыл ішіндегі жетістіктері – бұл кәсіпқойлар командасының көп жылғы және қауырт еңбегі, ұйымның жоғары деңгейі, басшылардың таланты мен мол тәжірибесі. Жұмыстың жаңа бағыттарын игеру, инновациялық тәсілдердің батылдығы және сонымен қатар, қабылданатын шешімдердің таразылануы мен ойластырылуы сіздің институтыңыздың жетістігінің, жақсы беделінің кепілі болып табылады.

Бүгін, өзінің мерейтойын қарсы ала отырып, кәсіпорын Қазақстандағы стратегиялық консалтингтің негізгі институты болып табылады, ол индустрияландыру үрдістерінің тиімділігін арттырады, салалар мен жекелеген өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді, сондай-ақ Қазақстан нарығында да, ЕЭО нарығында да.

Бұған институттың 2015-2019 жылдарға және 2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы, сондай-ақ оның іске асырылуын мониторингілеуі айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді. Бұл пандемия жағдайында қиын уақыт, индустрияландырудың үшінші бесжылдығы аясында алдыға өршіл міндеттер қоя отырып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерді жұмсайды және «QazIndustry» үлкен рөлге ие.

«Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» «QazIndustry» АҚ үшін өткен 2019 жыл үлкен өзгерістер мен айтулы оқиғалар жылы болды.

Дамудың институттарын оңтайландыру мақсатында 2018 жылдың желтоқсанында басталған ауқымды қайта ұйымдастыру, бұл кезде «QazIndustry»-де қайтарылмайтын қаржы, қаржылық емес және сервистік құралдар шоғырландырылды, бұл индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша «бірыңғай терезе» құруға мүмкіндік берді. Даму институттарынан «NADLoC» АҚ, «ТДҰА» АҚ және «Kaznex Invest» АҚ институтқа жергілікті қамтуды дамыту, шикізаттық емес экспортты дамыту және жылжыту, Қазақстан Республикасының еркін экономикалық және индустриялық аймақтарын дамыту саласындағы индустриялық-инновациялық субъектілерді қолдау функциялары берілді, ал институттың өзі «ҚИДИ» АҚ-дан «QazIndustry» «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ болып өзгертілді.

Кейбір өкілеттіктерді беруге бағытталған бірқатар қайта құрулар нәтижесінде қазіргі уақытта «QazIndustry» «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өңдеу өнеркәсібін және онымен байланысты Қазақстан экономикасының салаларын дамытудың ұлттық «ми орталығы» (Think Tank) болып біртіндеп өзгертілді.

«QazIndustry» дамуының 10 жылы ішінде бүгінгі күні экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік салада да жеке консалтингте жұмыс істейтін «кадрлар ұстасын» тәрбиелегені қуантады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсеткен «QazIndustry»-дың жас және өршіл ұжымы қойылған барлық міндеттерді орындайды, жинақталған тәжірибені пайдалана отырып, өзінің озық дамуын табысты жалғастырады деп үміттенемін!

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атынан және өз атымнан «Qazaqindustry»-дың барлық қызметкерлерін құттықтаймын, компанияның 10 жылдық мерейтойы – бұл гүлдену уақыты, үміттер, жаңа жетістіктер мен ел игілігі үшін жеңістер үшін есептеу нүктесі.

Осы мереке күні «QazIndustry» ұжымына ең батыл жоспарларды жүзеге асыруда табыс пен табандылық, шығармашылық шабыт пен сәттілік тілеймін!