
ҚР ИДМ-де өткен баспасөз конференцияда Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дугалов стандарттау саласының еліміздің ЖІӨ өсіміне ықпал ететіні туралы айтты.
Осылайша, Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) деректері бойынша, экономикалық шешімдерді қабылдауда (Германия, Ұлыбритания, Франция, Австралия) стандарттардың макроэкономикалық үлесі еңбек өнімділігін 30%-ға дейін арттыру үшін ЖІӨ-нің жылдық өсімінің 1% -на дейін жетуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Ресейде де тиісті зерттеулер жүргізілді. Олардың пікірінше, бұл көрсеткіш шамамен 0,41%-ды құрайды.
«Біз мұндай өсім түрлі салаларға халықаралық стандарттарды енгізгенде және сақтағанда болатынына келісеміз», - деді Ғ.Дугалов.
Комитет төрағасы сондай-ақ осындай зерттеулер жақын арада елімізде жүргізілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Онда Ұлттық стандарттау органын құру және техникалық комитеттердің жұмысын трансформациялау қарастырылған.
Заң жобасында сондай-ақ өндіріс шығындарын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға, ресурстарды үнемдеуге және өндіріс процестерін автоматтандыруға әкелетін ең жақсы халықаралық талаптарға негізделген стандарттарды қабылдау тәртібін қарастырылды. Бұл стандарттар қорын ұлғайтады және елдің ЖІӨ-нің өсуіне ықпал етеді.