ТКШ ҚазҒТОрталығы Ресей және Украинаның ғалымдарымен ынтымақтасатын болады

ТКШ ҚазҒТОрталығы Ресей және Украинаның ғалымдарымен ынтымақтасатын болады

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын ғылыми-техникалық дамытудың қазақстандық орталығы (ТКШ ҚазҒТОрталығы) «Қазақстанның Жаңа Химиялық Технологиялары» ЖШС өкілдерімен және Ресей мен Украинаның ғалымдарымен кездесу өткізді (ҚазЖХТ). Тараптар Өзара түсіністік және бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойды. Соған орай, тараптар тәжірибе алмасады және сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында ынтымақтасатын болады. 

ТКШ ҚазҒТОрталығы «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның еншілес ұйымы. Жақын арада ғылыми-техникалық орталық ресейлік ғалымдармен бірлесе отырып, ағынды сулардан шламды қайта өңдеудің жаңа әдісін әзірлеуді бастамақ. Зерттеу бірнеше жылдарға созылады. Жұмыстың нәтижесі тұнбаларды қайта өңдеу зауытын салудың техникалық міндеті болады.

«Қазіргі уақытта өңдеудің екі әдісі қолданылады – тұнбаларды жағу және тұнбалы алаңдарды депонирлеу. Бұл  топырақты немесе су қоймаларын ластап, балықтарды улайды, жағымсыз иістер пайда болады. Біз өзіміздегі әртүрлі шөгінділерге қатысты зерттеулер жүргіздік және осы мәселені ҚазҒТОрталығымен бірге терең зерттеуді жоспарлап отырмыз», - деді Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ованес Петросян.

Ресей мен Украинаның ғалымдары сумен жабдықтауды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. Олар су тазарту қондырғыларын кешенді автоматтандыру, су тазарту құрылыстарын жобалауда жабдықтарды ұтымды пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта суды тазарту үшін реагенттерді тарату үшін автоматтандырылған құралдарды құру және инновациялық су технологияларын енгізу туралы айтып берді.

ТКШ ҚазҒТОрталығы коммуналдық сектордағы МЖӘ жобаларын іске асыру бойынша жан-жақты және МЖӘ мәселелері бойынша бірлескен оқу-әдістемелік және ақпараттық іс-шараларды даярлауға және жүргізуге қолдау көрсететін болады. ҚазЖХТ суды тазарту және сарқынды суларды тазарту жүйелерін жобалау мен техникалық шешімдерді әзірлейтін өндірістік және инжинирингтік компания. Қазіргі уақытта ол Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар және Ақмола облыстарында су тазартудың 7 нысаны мен суды тазарту жөніндегі 3 жобаға қатысады.

Еске сала кетейік, 24 қарашада Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының елді-мекендеріне сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында тыңдаулар өткізді. Онда сумен жабдықтау жүйелерін жобалау, сумен жабдықтау секторында МЖӘ жобаларын іске асыру, ауыз суды, «Ақ Бұлақ», 2020 жылға дейінгі өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы тыңдалды.

Ақпарат көзі: «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз-қызметі