
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың халық алдында есеп беру кездесуінен
Өнеркәсіп үшін 2019 жыл табысты аяқталды. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 27,5% құрады, оның 11,4% өңдеуші өнеркәсіпте.
2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша өнеркәсіп салаларында қазір 22 мың кәсіпорын жұмыс істейді, жұмыспен қамтылғандар саны 1 млн. астам адамды құрайды.
2010 жылдан бастап Елбасының бастамасымен елімізде индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы Индустрияландыру күнінде екінші бесжылдықтың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысы алдында қол жеткізілген нәтижелер баяндалды.
Қоғам тарапынан сынға қарамастан, дәл осы бағдарлама Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға негіз қалағанын айту қажет. 5 жыл ішінде өңдеуші саланың жалпы қосылған құны 30,6 трлн. теңгені құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 7,8 трлн. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 87% артық. Соңғы 5 жылда өңдеуші өнеркәсіптің басым секторларындағы кәсіпорындар қызметкерлерінің кіріс деңгейі орта есеппен 50% өсті. Өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындары 45 трлн. теңгеге өнім өңдірді.
2019 жылы өңдеуші өнеркәсіптің нақты көлем индексі 4,4% өсті. Оң динамика биыл да сақталды. 4 айдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 107% құрады.
Былтыр өңдеуші өнеркәсіптің машина жасау (20,9%), жеңіл өнеркәсіп өндірісі (13,5%), фармацевтикалық өнімдер (12,2%), сусындар (10,2%), кокс және мұнай өңдеу өнімдері (5,9%), металлургия өнеркәсібі (4,1%) сияқты салалары жоғары өсу қарқынын көрсетті.
Биыл қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша жеңіл өнеркәсіп (13,9%), фармацевтика (24,2%), құрылыс материалдарын өндіру (15,6%), машина жасау (25,4%), мұнай өңдеу (1,5%) өсім көрсетті.
5 жыл ішінде өңдеуші өнеркәсіпке 18,7 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Саладағы еңбек өнімділігі 11,7% артты. Бағдарламаны іске асыру жылдары ішінде өңделген өнімнің экспорты 73,2 млрд. АҚШ долларын құрады.