ҚР ИДМ-ң қызметкерлері құқықтық білімдерін жетілдіруде

ҚР ИДМ-ң қызметкерлері құқықтық білімдерін жетілдіруде

2017 жылғы 7 желтоқсанында ҚР ИДМ-де жалпы құқықтық оқыту аясында «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілермен бюджеттік өтінімдерді жасау тәртібін түсіндіру» және «Қазақстан Республикасының ішінде қызметтiк iссапарларды рәсімдеу мәселелері» тақырыптарына арналған семинарлар өтті.

Лекция барысында бюджеттік өтінімдерді ұсыну мерзімдерін сақтау талаптары, шығындар мөлшерінің дәйектілігі мен бюджеттік өтінімнің сапасы талқыланды.

Ең жақсы нәтижеге жету мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджеттік қаражаттарды қолдану нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселесіне жеке тоқталды.

Семинар қатысушыларына Қазақстан Республикасының ішінде жіберілетін қызметкерлердің қызметтiк iссапарларын рәсімдеу шарттары, мерзімдері мен түрлері түсіндірілді.