Көлік комитетінің төрағасы әріптестерін ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Көлік комитетінің төрағасы әріптестерін ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ҚР ИДМ Көлік комитетінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай қызметкерлерді салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.

ҚР Инвестиция және даму министрінің бұйрығымен «Құрметті теміржолшы» төс белгісімен Қызылорда-Көкшетау пойызының басшысы Каирбек Усенов марапатталды

Ведомство басшысының атынан теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының  бас сарапшысы Валерий Рижукқа, заң жұмысы басқармасының сарапшысы  Альбина Тлесоваға алғыс хат берілді.

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесінің өткізілуіне үлесін қосқаны үшін ахуалдық орталықтың бас сарапшысы Жамбылбек Асан марапатталады.

Бұдан бөлек, су көлігі басқармасының басшысы Қасым Тлеповке "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік марапаты берілді.

Комитет төрағасы Әсет Асавбаев әріптестерін Тәуелсізідік мерекесімен құттықтап, еліміздің көлік саласының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, ол «балаларын отансүйгіш әрі еңбекқор» етіп тәрбиелеген комитет қызметкерлерінің ата-аналарына да ризашылық алғысын білдірді.