
Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР ИДМ ұжымын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында зор табыстарға қол жеткізіп, Орталық Азия елдері арасында көш бастады. Мемлекет алға қойған мақсаты жолында қажырлы еңбек етіп, әлемдегі ең алпауыт елдердің сенімді серіктесіне айналды», - деді министр құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен ведомстволық бағынысты ұйымдардардың бірқатар қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.