"Saryopan Operating" зауытының ашылуы: Қарағанды облысының дамуының жаңа кезеңі

"Saryopan Operating" зауытының ашылуы: Қарағанды облысының дамуының жаңа кезеңі

2023 жылғы 14 желтоқсанда Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы Сарыопан кен орнында 1-ші сұрыпты әк өндіретін "Saryopan Operating" зауыты іске қосылды.
Зауыттың қуаттылығы жылына 330 мың тонна дайын өнімді құрайды. Жобаның сәттілігінің маңызды құрамдас бөлігі жоғары сапалы әк пен әк өнімдерін өндіруде әлемдік көшбасшы Carmeuse Group-пен серіктестік болды.
Saryopan Operating зауытының ашылуы өңірдің өнеркәсіп саласын дамытуда ғана емес, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін шешуде де маңызды қадам болды. Зауыттың салтанатты ашылуына Қарағанды облысының әкімі Е.Қ. Бөлекпаев, өнеркәсіп комитетінің төрағасы А. С. Панбаева және Carmeuse Group өкілдері қатысты.