Министрдің химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтауы!

Министрдің химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтауы!

Құрметті химия өнеркәсібі саласының қызметкерлері және отбасы мүшелері!

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Химия өнеркәсібі қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Индустрияландыру жылдары химия өнеркәсібі барлық негізгі индикаторлар бойынша оң нәтиже көрсетуде. Саланың алдына қойылған міндеттер, яғни өндірісті жаңғырту, инновациялық технологияларды енгізу, импорт алмастыру және бәсекеге қабілетті өнім шығару сияқты ауқымды шаралар жүзеге асырылып жатыр. Әрине, мұндай жоғары жетістік химия өнеркәсібі қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің, кәсіби біліктілігінің және ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында деп білеміз.

Отандық нарықта бұрын өндірілмеген жаңа өнім түрлері пайда бола бастады. Бүгінгі таңда химия өнеркәсібі ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Тіпті, химиялық кешен кәсіпорындары өндірген өнімдер халық шаруашылығының барлық саласында дерлік пайдаланылады.

Құрметті химия өнеркәсібі саласының қызметкерлері! Бұл жетістіктердің барлығына сіздердің бай өндірістік тәжірибелеріңіз, жауапкершіліктеріңіз пен еңбекқорлықтықтарыңыздың арқасында жеткенімізді атап өткен жөн. Өйткені осы қасиеттер кез-келген қиындықты жеңуге және күн сайын осы мамандыққа деген құрметті жоғары деңгейге көтеруге көмектеседі.

Сонымен қатар, химия өнеркәсібінің ардагерлеріне, өндірістің қалыптасуының бастауында тұрған барлық қызметкерлерге ерекше алғыс айтқымыз келеді.

Кәсіби мереке қарсаңында химия өнеркәсібі қызметкерлеріне саланы дамытуға қосқан үлесі үшін, алға қойған міндеттерді табысты орындап, жоғары кәсібилігі мен еңбек жолындағы адалдықтарыңыз үшін алғыс айтқымыз келеді.

Сіздерге денсаулық, бақыт және амандық тілейміз!