ҚР ИИДМ-да сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды

ҚР ИИДМ-да сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі импорт алмастыру жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде, сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында «Сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» 2020 жылғы 28 мамырдағы № 315 бұйрық қабылдады.

Осы бұйрық шеңберінде Жұмыс тобы мемлекеттік сатып алуда және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында жергілікті қамтуды дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін апта сайынғы негізде отырыс өткізеді.

Жұмыс тобы құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Экология, Геология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері, «Атамекен» ҰКП, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «QazIndustry» АҚ, «МГАТО» АҚ, «PSA» ЖШС өкілдері кірді.

Министрлік жергілікті атқарушы органдардың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алулары бойынша талдау өткізу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу туралы заңнамасының нормаларын сақтауына қатысты бизнестің проблемалық мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.