Ақтөбе хром қосындылары зауыты- Ақтөбе қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан және хром негізінде қосындылар шығаратын мамандандырылған кәсіпорын. Зауыттың бірінші кезегі 1957 жылдың шілдесінде іске қосылды. Барлық жобалық қуаттар 1960 жылдың соңына қарай игерілді. Ал 1963 жылы өндірістік қуатының екінші кезегі іске қосылды (монохроматты және бихроматты өндіріс). Содан кейін зауыттың қуаты үш есе өсті. 1965 жылы хром ангидридін өндіру бөлімшесі және күкірт натрий цехы пайдалануға берілді. Кейінгі жылы мемлекеттік комиссия шешімімен реактивті тұздар цехы пайдалануға берілді. Цех алаңдарында 1970 жылы қорғасын-молибдатты крон өндірісі, ал 1974 жылы алюмохромфосфат байламының өндірісі ұйымдастырылды.
1971 жылы металлургиялық хром тотығы өндірісі қалдықтарынан кристалды натрий тиосульфатын өндіру цехы іске қосылды. Ал 1984 жылы зауыт үшін жаңа өнім – синтетикалық хромшпинелид өндірісін игеру басталды.
Зауытта өндірістік қуаттарды арттырумен қатар технологиялық процестерді жетілдіру және жұмыс істеп тұрған цехтарды жабдықтармен қамтамасыз ету, еңбек жағдайын жақсарту, автоматтандыру, механикаландыру, өндіріс қауіпсіздігін арттыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану бойынша жұмыстар үнемі жүргізілуде.
Қазіргі уақытта зауыт монохромат пен натрий бихроматы, калий бихроматы, хром ангидриді, металлургиялық және пигментті хром тотығы, құрғақ хром емендері өндірісін қамтиды.
Натрий монохроматы - зауыттың негізгі цехтарында (техникалық натрий бихроматы, металлургиялық хром тотығы, пигментті, хром ангидриді, хром илегіші) тауар өнімдерін өндіру үшін бастапқы өнім. Натрий монохроматы өндірісі үздіксіз процесс. Бұл әдіс кеннен, содадан және айналмалы шаңнан және толтырғыштан тұратын шихтаны тотықтырып қыздыруға негізделген. Өндірістік қуаты жылына 121,8 мың тоннаны құрайды.
Натрий бихроматы тоқыма өнеркәсібінде маталарды бояу кезінде, машина жабдықтарында тоттанудың алдын алу үшін, ал химия өнеркәсібінде бояғыштарды өндіру үшін қолданылады. Натрий бихроматы өндірісі үздіксіз процесс. Ол күкірт қышқылының көмегімен натрий монохроматын бихроматқа конверсиялауға негізделген. Кейіннен булау операцияларын жүргізіліп, қоспаларды бөлініп кристалдық өнім алынады. Аталмыш бағыттың өндірістік қуаты - жылына 73 мың тонна жалпы бихромат, 30 мың тонна тауарлық бихромат.
Металлургиялық хром тотығы металлургиялық өнеркәсіпте ыстыққа төзімді және қоспаланған болаттарды дайындауға бағытталған металл хромды өндіру үшін қолданылады. Сондай-ақ қажақ өндірісінде пайдаланылады. Өндіріс процесі үздіксіз жүргізіледі. Ол алынған тұнбаны сүзумен, қыздырумен және өнімді кептірумен бөле отырып, техникалық күкіртпен натрий монохроматын қалпына келтіруге негізделген. Цехтың өндірістік қуаты жылына 30 мың тонна.
Хромды ангидрид органикалық синтездің кейбір өндірістерінде, фармацевтика өнеркәсібінде, сондай - ақ электролиттік хромдау, декоративті, тоттануға қарсы хромдау үшін машина және аспап жасауда қолданылады. Хром ангидрид өндірісі үздіксіз процесс. Өндірістік қуаты жылына 31 мың тоннаны құрайды.
Хромды малма былғары және тері өнеркәсібінде қолданылады. Хром малмасын алу процесі үздіксіз. Өндірістік қуаты жылына 25 мың тонна.
Кәсіпорын құрылымында қосалқы өндірістер де бар. Мысалы, жөндеу-механикалық цех стандартты емес жабдықтарды, технологиялық жабдықтарға қосалқы бөлшектерді дайындайды, жабдықтарды күрделі жөндеу және жаңа өндірістерді ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Металл ыдыстар дайындайды. Ал, жөндеу-құрылыс цехы ағаш және терезе блоктарын жасап, ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, дайын өнімді темір жол вагондары мен теңіз контейнерлеріне тасымалдауға арналған тұғырықтар мен қалқандар дайындайды. Соңғы 20 жылда зауыт өндірісті дамыту бағытында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Натрий монохроматы өндірісінің доломитсіз технологиясы енгізілді. Бұл доломитті пайдаланудан бас тартуға, өндірістің пайда болған қалдықтарының санын азайтуға, хром кенін пайдалануды жақсартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жаңа технология бойынша пигментті хром тотығы өндірісі енгізілді, бұл зауыт шығаратын өнімнің ассортиментін кеңейтті.
Зауыт өнімінің сапасы жоғары әлемдік стандарттарға сай келеді және ең таңдаулы сатып алушылардың талаптарын қанағаттандырады. Бұған дәлел ретінде зауыттың жоғары марапаттарға ие болғпнын айтуға болады. Тауар сапасы үшін халықаралық Алтын Жұлдыз (1994 жыл), үздік сауда маркасы үшін XIX халықаралық марапатпен (1994 жыл) расталған. Бұдан басқа, жыл сайын бақылау аудиті "АХҚЗ" АҚ менеджмент жүйесінің ISO 9001, ISO 45000, ISO 14001 және ISO 50001 стандарттарының талаптарына сәйкестігін растайды.
Кәсіпорынның алыс шетелдерде өнімді өткізудің кең нарығы бар және ТМД елдерінде тұрақты серіктестік байланыстары бар.
Мекен-жай: Ақтөбе қ., Өнеркәсіптік аймақ 15
+7 (7132) 53-65-01
+7 (7132) 53-65-08, 53-65-32