Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментімен Тізілімге енгізілген 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»;

-«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»;

- "Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру" мемлекеттік қызметі бойынша арыздарды қабылдау және нәтижесін беру.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер жүзеге асырылады.

Көрнекілік ақпараттандыру мақсатында Департаментте «Мемлекттік қызметтер» стенді орнатылған.

«Мемлекеттік қызметтерді алатын қызмет алушылардың құқығы», «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағым беру тәртібі» буклеттері әзірленген. 

Кәсіпорындар мен ұжымдардың өкілдерімен мемлекеттік қызметтер бойынша семинар өткізілді, онда Департамент мамандарымен қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Қызмет алушылардың құқықтары түсіндірілген буклеттер таратылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету туралы 179 өтініш қаралды – олардың ішінде:

-«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» - 26;

-«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»- 153.

Себепті бас тартулар саны  – 73 олардың ішінде:    

- «Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» - 9;

-«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» - 64.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасына шағым түскен жоқ, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін бұзу болған жоқ.