
2017 жылғы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Кыстаубаев Кабылбек департамент ұжымын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, ұжымға жеңістер мен зор жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, қазандықтар, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстары мен нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы – Шукаманова Күлсінай Ерикқызына Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің Құрмет грамотасы табысталды.