«Нұр Отан» партия қатарына қабылдау рәсімі

«Нұр Отан» партия қатарына қабылдау рәсімі

2017 жылғы 15 желтоқсан күні «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде (әрі қарай – Департамент) департамент қызметкерлерін «Нұр Отан» партия қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиынды Департамент басшысы Кыстаубаев Кабылбек құттықтау сөзімен ашып, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдрахманов Шарип Әкбарұлы «Нұр Отан» партиясының жаңа мүшелеріне партиялық билеттерді табыстады. Жиын барысында Шарип Әкбарұлы «Нұр Отан» партиясының бағдарламалары, алға қойған мақсаттары мен міндеттері жайлы толық түсінік беріп, жаңа мүшелердің партия жобаларын жүзеге асыруда зор үлес қосатындығына сенім білдірді.