
2017 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Tau-Ken temir» ЖШС металлургия саласындағы кәсіпорындардың өкілдерімен техникалық Кеңес өтті.
Техникалық Кеңесте Қазақстан Рсепубликасының өнеркәсіптік қауіпсізідк саласындағы заңнамасын орындау, өндірістік жарақатты төмендету, қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғылар мен жабдықтарды техникалық қайта қаруландыру сұрақтары қарастырылды:
Кеңестің нәтижесінде хаттама құрастырылып, онда металлургия саласындағы кәсіпорындардың қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарын ұстану бойынша ұсыныстар көрсетілді.