«ПМХЗ» ЖШС және «Алюминий Казахстана» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексерулер жүргізілді

«ПМХЗ» ЖШС және «Алюминий Казахстана» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексерулер жүргізілді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Павлодар облысы бойынша Департаменті РММ 2017 жылдың  01 қарашасынан  бастап 20 қарашаға дейін «ПМХЗ» ЖШС және «Алюминий Казахстана» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы 2 таңдалу  тексерулер жүргізілді: «Алюминий Казахстана» АҚ, «ПМХЗ» ЖШС.  Жүргізілген тексерудің барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңдық  нормалардың және талаптардың орындалуына тексеру жүргізілді.

Тексерудің  нәтижелері бойынша «ПМХЗ» ЖШС бұзушылықтар айқындалған жоқ,  «Алюминий Казахстана» АҚ 2 бұзушылықтар айқындалды және 2 әкімшілік айыппұл заңды тұлғаға  289 - бабының 1 бөлімі бойынша  «Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау және энергия тұтынудың нормативтерін асыру» 200 АЕК мөлшерінде және 290 - бабының 1 бөлімі бойынша «Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде олардың тікелей ысырабына жол бермеу жөніндегі міндетті орындамау» 200 АЕК мөлшерінде жалпы соммасы 907600 теңгені құрайды.  Кәсіпорын басшысына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы  талаптардың сақталмағаны жөнінде ұйғарымды және тексеру нәтижелері бойынша актілер ұсынылды.