ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай мерекелік жиналыс өткізілді

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай мерекелік жиналыс өткізілді

2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі - Департамент) жеке құрамының қатысуымен Тәуелсіздік күні мерекесіне орай жиналыс өткізілді.

Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімінің басшысы М. Айдарова Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу жолындағы қиындықтар, тәуелсіздіктің мұрасы туралы баяндама жасады.

Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы қызметшілерге құттықтау сөздер айтып, атқарылған еңбектері үшін алғысын жеткізді.