
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев инвестиция, инновациялық жобаларды енгізу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады.
Бірінші вице-министрге Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары арнайы келіп, көкейлерінде жүрген мәселелерді ортаға салды. Ал, Атырау мен Жамбыл облыстарының тұрғындары бейнеконференция байланысы арқылы сұрақ қойды. А.Айдарбаев азаматтардың барлық сұрақтарына толық жауап берді. Қосымша уақытты талап ететін мәселелер жеке бақылауға алынды. Азаматтарды қабылдағаннан кейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімше басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.