Қазақстан мен Жапония: Экономикалық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан мен Жапония: Экономикалық ынтымақтастықты дамыту

Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторларының Қазақстан-Жапония бірлескен комиссиясының 8-ші отырысы шеңберінде Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің ТМД елдерімен ынтымақтастық бюросының бас директоры Мацуо мырзамен екіжақты кездесу өткізілді.


Кездесу аясында тау-кен металлургиясы, химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және көмірді терең өңдеу сияқты түрлі салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды


Жапон тарапына Қазақстанның инвестициялық әлеуеті, өңдеу өнеркәсібіндегі жобалар үшін ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары және Жапония нарығына жеткізілетін өнеркәсіп тауарларының номенклатурасын кеңейту мүдделілігі туралы ақпарат берілді.


Сирек және сирек жер металдарын өндіру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Sumitomo Corporation, Marubeni Corporation, ITOCHU компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту және басқа компанияларды тарту ұсынылды.
Сондай-ақ, Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Нишимура мырзаның алдағы сапары талқыланды.
Жалпы, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты жандандыруға келісті.