Күзембаев атындағы шахтаның жұмысшысы жарақат алған оқиғаны тексеретін комиссия құрылды

Күзембаев атындағы шахтаның жұмысшысы жарақат алған оқиғаны тексеретін комиссия құрылды

2017 жылдың 22 желтоқсаны күні сағат 17.00-де «Шахтострой» КХМ ЖШС жұмыскерлері жұмыс істеп жатқан «АрселорМиттал Теміртау» Т. Күзембаев атындағы шахтаның 260 метр тереңдіктегі қазылған конвейерлік кен орнында жер асты тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде көмір жаппасы қабыршақтанып бөлініп түскен.

Ақырында 1982 жылы туған тау-кен қазба жөндеу кен жұмыскері Павловский Евгений Генадьевич тау жынысының кесек бөлігінің құлауынан жараланды.

Ауысым бастығымен әскерилендірілген апаттан құтқару жасағы шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң жарақаттанушы жер бетіне шығарылды.

Жарақат алған жұмысшы жедел жәрдем көлігімен профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травмотология және ортопедия орталығына жеткізілді.

Алдын ала диагноз бойынша аяқтары жаншылып, терісі жырылған және 9 қабырғасы жарақаттанған.

Қазіргі кезде Қарағанды облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жазатайым оқиғаны тергеу-тексеру комиссиясын құрды.

Комиссия тексеру барысында аталған оқиғаның барлық себеп-салдарын анықтайды.

Cурет ашық ақпарат көзінен алынды