
Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдалану жүйесін жетілдіруге бағытталған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексіне сәйкестендіруге мақсатталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.
Жаңа «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі келесі концептуалдық өзгерістерді қамтиды:
- Австралиялық модель баламасы негізінде «Бірінші келген-бірінші алады» лицзензиялық тәртібі қағидатын енгізу арқылы Жер қойнауын пайдалану құқығын жеңілдетілген тәртіпте беру;
- қорлардың халықаралық бағалау тәртібіне өту;
- геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету және оны цифрлық форматқа өткізу;
- кең таралған пайдалы қазбалар тізімін қайта қарастыру;
-Мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кен орынын жабу кезінде жою ережесін күшейту;
- Қолданыстағы жер қойнауын пайдалану келісімшарттар тұрақтылығының кепілдігі және т.б қарастырылған.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі саланың инвестициялық ахуалын жақсартуға, жаңа кенорындарының ашылуына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, инвестиция есебінен минералдық шикізат базасын ұлғайтуға септігін тигізеді.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі Министрліктің сайтынан мына сілтеме арқылы танысуға болады: http://mid.gov.kz/kk/pages/zher-koynauy-zhne-zher-koynauyn-paydalanu-turaly-kodeks
Cурет ашық ақпарат көзінен алынды