
Қауіпті өндірістік объектілердің иелерімен Бағдарламаның және қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспардың орындалуы, сонымен қатар орын алған авариялар, оқыс пен жазатайым оқиғалардың себептерін талдау және оларды алдын алу тақырыбына мақала
2017 жылдың 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Бағдарламаның, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспардың орындалуына мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында техникалық жиналыс өткізілді
Аталған жиналыста Департаменттің басшылары мен бас мамандары, сонымен қатар «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК, «Потенциал Ойл» ЖШС, «КоЖаН» АҚ, «Тенгизшевройл» ЖШС, «Эмбамунайгаз» АҚ, «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС, «Сазанкурак» ЖШС, «Матен Петролеум» АҚ, «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС, «КазТрансОйл» АҚ БФ, УМГ «Атырау» «ИнтергазЦентральнаяАзия» АҚ, «Алтиес Петролеум Интернешнл» АФ, «АНПЗ» ЖШС, «ANACO» ЖШС, North Caspian Operating Company N.V., «Атыраумунай» ЖШС, «Атыраугидрогеология» ЖШС, «КаспийНефть» Ақ кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Кәсіпорындар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап және жоспарланған тапсырмаларды талқылап, авариялар мен оқыс оқиғаларды алдын алу, қауіпті өндірістік объектілерді техникалық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспардың, бағдарламаның толық орындау және қамтамасыз ету мақсатында Департамент тарапынан ұсынымдар берілді.
