Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған

2017 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік марапаттарын беру рәсімі өтті. Бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірі Жеңіс Қасымбек тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау сөзімен және еңбек сіңірген үшін алғысын білдірді.

Министр құттықтау сөзінде, біздің мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жетістіктерін әлем мойындағанын атап өтті. Бүгінгі күні Қазақстан Орталық Азияның аумақтық көшбасшысы, маңызды және сенімді халықаралық серіктестік болып табылады.

Министрліктің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ведомоствааралық ұйымдары, салтанатты рәсім кезінде мемлекеттік марапатқа ие болды. Соның ішінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және тау-кен кәсіпорындарының, химия және машина жасау өндірістері қызметкерлері марапатталды. «Құрмет» грамотасымен Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының басшысы О.В. Кречетова, «Құрмет» орденімен «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі» Мурзагалиев Еркебулан Шакиртович, марапатталды, «Ерен еңбегі үшін» медальімен:  «Кентауский трансформаторный завод» АҚ-ның инженер-технологы Худайбергенов Бауыржан Амангельдиевич, «Варваринское» АҚ-ның бас энергетигі Крепс Виктор Андреевич,  «KarazhalOperating» ЖШС-нің бас директоры Жаныкулов Жумабек Есилбекович, «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежесімен «Қазфосфат» ЖШС-нің ГПК «Шолақтау» тау-кен өңдеу цехының филиалының экскаватор машинисті Базарбаев Бекежан Ашекеевич марапатталды.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің атынан Тәуілсіздік күнімен құттықтай отырып, ерлік жұмыстарыңыз, кәсіпке және өздеріңіздің кәсіпорыныңызға адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге шын жүректен денсаулық, өркендеу, жарқын үміттеріңізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пайдасына жаңа өндірістік жетістіктер тілейміз!