2019 жылы субъектілердің 91% автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы МЭТ-ке ақпарат жіберді

2019 жылы субъектілердің 91% автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы МЭТ-ке ақпарат жіберді

2016 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын цифрландыру мақсатында Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен ақпаратты электронды жинауды қамтамасыз ететін автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды.

Мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның 1500 тонна және одан көп баламалы көлемде тұтынатын энергия сыйымды кәсіпорындардың, сондай-ақ жылына шартты отынның 100 тонна және одан көп баламалы көлемінде энергетикалық ресурстар тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен табиғи монополиялардың деректер базасы. Қазіргі кезде тізілімде 20 533 субъекті бар.

Портал Дүниежүзілік Банктің гранттық қаражатына "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" бағдарламасы аясында әзірленді. Бүгінгі таңда "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ порталды қалыптастырумен және жүргізумен айналысады.

"МЭТ" ААЖ енгізу деректер жинау және өңдеу процесін оңтайландыруға, сондай-ақ МЭТ субъектілерінің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтымен өзара байланысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

2019 жылдың қорытындысында субъектілердің 91%-ы автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік энергетикалық тізілімге ақпарат жіберген.

Бүгінде  автоматтандырылған ақпараттық жүйені дамыту мақсатында "Энергия тиімділігі картасы "Деректер базасы" модулімен толықтыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жаңа модульді енгізу энергия-сервистік жобалар қатарын кеңейтуге ықпал етеді.

Қазақстанда энергетикалық тізілімді енгізу жұмысында Жапония тәжірибесі негізге алынды. Өйткені бүгінгі таңда Жапония - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша әлемдегі ең үздік елдердің бірі. Тізілім энергия ресурстарының негізгі тұтынушыларын анықтайды және мемлекетке олардың энергия тұтыну мониторингін жүзеге асыруға және энергия үнемдеуге ынталандыруға мүмкіндік береді.