
2023 жылғы 17 қазанда ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіп комитетінде төраға А. Панбаевтың Пайдалы қазбаларды өңдеу саласындағы Акита университетінің профессоры Атсуши Шибаяма және осы университеттің аспиранты Дәулет Сағжановпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында комитет төрағасы Азамат Панбаев жапондық делегацияны қарсы алып, Қазақстанның дамуында маңызды рөл атқаратын Жапонияның пайдалы қазбаларды өңдеудегі технологиялық инновациялар және жапон мәдениетінің жоғары деңгейі саласындағы тамаша беделін атап өтті. Комитет өкілдері тау-кен металлургия бөлімінің ағымдағы қызметі және Қазақстандағы бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру механизмдері, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында бес литий кен орнын игеру туралы айтып берді. Өз кезегінде Профессор Шибаяма өзінің академиялық қызметімен бөлісті және жапондық JICA агенттігінің тау-кен саласындағы қызметі, қазіргі ғылыми жобалары және ғылым саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты. Сондай-ақ, қатысушылар ШҚО-да литийді алу және қайта өңдеу үшін аспирант Д. Сағжановтың технологиясын әзірлеудің маңыздылығын талқылады. Төраға А. Панбаев Министрлік қызметкері Д.Сағжановтың Жапонияда оқуын қолдағаны үшін Атсуши Шибаямаға алғысын білдірді. Қатысушылар Қазақстан Үкіметі үшін, оның ішінде Министрлік қызметкерлері үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді білім беру гранттарын беруді талқылады.