2017 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланды

2017 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланды

2018 жылғы 16 қаңтарда ҚР ИДМ Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінде 2017 жылдың бақылау-қадағалау жұмысының нәтижесі бойынша жиналыс өтті.

Жалпы өткен жылы Департаменттің 752 тексеру өткізгені айтылды.  Олардың 153  -ерекше тәртібі бойынша тексеру, 175 - жоспардан тыс тексеру, 4 ішінара тексеру және өзге тексерулер - 420.

Тексеру барысында 12 959 объекті тексерілді. Тексеру қорытындылары бойынша 34 957 өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды, 798 объект тоқтатылды, 53 млн. 206 мың теңгеге 629 айыппұл салынды.

Жиналыс барысында Департамент бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары, әдеп бойынша уәкілетті өкілі Кенгірбай Есенеев инспекторларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауының маңыздылығына тоқталып өтті.