Стратегиялық келіссөздер: HORSCH және Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер серіктестікті талқылауда

Стратегиялық келіссөздер: HORSCH және Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер серіктестікті талқылауда

Бүгін қазақстандық делегация HORSCH корпорациясының иесі Филипп Хорш мырзамен кездесті.Қазақстандық делегация өкілдері отандық ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді және олардың ынтымақтастық мүмкіндіктерін таныстырды.

Филипп Хорш мырза өз компаниясының даму тарихы туралы айтып, локализацияны дамытуға қызығушылық білдірді, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындар шығаратын өнімнің сапасы жақсы болса, оларды жаһандық тізбекте жеткізуші ретінде қарастыруға дайын.