
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Б.Стамқұловтың төрағалығымен, Қызылорда облысындағы мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілер өкілдерінің қатысуымен «ҚР 2012 жылғы 13 қаңтардағы №541-IV «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңының және ҚР Инивестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы «Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №400 бұйрығы, «Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №387 бұйрығының талаптарының орындалуын қамтамасыз ету тақырыбында 2018 жылдың 17 қаңтарында» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.
Б.Ә.Стамқұлов кіріспе сөз сөйлеп, семинар кеңестің мақсаты туралы айта отырып.
«Электроэнергетиканы және энергия үнемдеуді дамыту инстуты» АҚ-ның аймақтық басқармасының бастығы Ғ.Қасымовқа сөз берді. Ол «Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу» тақырыбына баяндама жасады. Баяндама барысында Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалай қалыптастыру және жүргізу туралы айтып, МЭТ субъектілеріне АИС ГЭР (https://www.aisger.kz/) автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдану тәртібі туралы қысқаша мазмұндама жасады.
Жиын соңында Департамент ұйымдастыруымен өткізіліп отырған семинар кеңесте қарастырылған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, энергияүнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заң талаптарының орындалуын қамтамассыз ету, аталмыш салада жұмыстарды күшейтуді одан әрі жалғастыру туралы сұрақтарды түпкілікті қарастырылып, талқыланды.