Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ банк жүйесімен 1 млн. шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үй салынады

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ банк жүйесімен 1 млн. шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үй салынады

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 70 мыңнан аса жер учаскесіне инженерлік коммуникация тартылды. Соның ішінде 54 мың бұрын бөлінген және 16 мың жаңа учаскелер.

«Пилоттық жоба бойынша 6 өңірде 1975 үйдің  (219,3 мың шаршы метр) құрылысы басталды. 2017-2018 жылдары олардың құрылыс аяқталатын болады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 164 үй (21,7 мың шаршы метр) пайдалануға берілді. Оның 124-і - Ақтөбе облысында және 40 үй Қостанай облысында. Қалған үйлер биыл тапсырылады»,-деді «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Бағдарламаның «Кредиттік тұрғын үй салу» үшінші бағыты бойынша Жергілікті атқарушы органдар 9010 кредиттік пәтерді (572,1 мың шаршы метр) пайдалануға берді.

«Биыл Бағдарламаның бұл бағыты бойынша өңірлерде 134,5 млрд. теңгеге 1,1 млн. шаршы метр (18 779 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде «Бәйтерек» ҰБХ» және «Самырұқ-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамдарынан алынып, қайта бөлінген 43,1 млрд. теңге қаржы бар»,-деді министр.

«Халық үшін ипотекалық кредиттің қолжетімділігін арттыру» бағыты бойынша Займ алушылардан 14,2 млрд. теңгенің субсидияланған займын алуға 1388 өтініш қабылданып, 1317 өтініш мақұлданды.