Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті

Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған жиын өтті

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) ұжымы арасында талқыланды.

Департамент басшысының орынбасары Б. Стамқұлов Қазақстанды жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін айқындалған негізгі он міндетке тоқталып, Департамент қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар жұмысының айқындығын жоғарылатады, халықтың қызмет алу процессін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жолдауда жемқорлықты алдын алуға бағытталған күрес жалғасын тапты. Ең басты міндетіміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңының үстемдігін қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіп қауіпсіздігін сақтау» - деді, Б. Стамқұлов.

Сонымен қатар басшы орынбасары қойған нақты міндеттер:

  1. Департамент басшылығы Жолдаудың халық арасында негізгі бағыттарын түсіндіруге облыстық идеологиялық актив құрамында жұмыс жүргізу;
  1. Департаментің барлық қызметкерлері Қазақстан халқына Жолдауының қауіпті өндірістік нысандарының иелеріне негізгі бағыттарын түсіндіруге ұдайы жұмыс жасалсын.