Энергия аудиторларын аттестаттау мәселелеріне қатысты

Энергия аудиторларын аттестаттау мәселелеріне қатысты

2020 жылы 22 сәуірде «Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің м.а. № 203 бұйрығы бекітілді (бұдан әрі - Бұйрық).

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде, 2020 жылғы 22 сәуірде № 20447 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 22 сәуірде ресми түрде жарияланған және 2020 жылдың 14 мамырында қолданысқа енгізілетінін хабарлаймыз.

Бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды: (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020447).