
6 қазанда өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жалмағамбетов Dena компаниясының энергия тиімділігі бөлімінің басшысы М. Мюллермен кездесті. Кездесу барысында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар Германия мен Қазақстанда энергия үнемдеу әдістері туралы тәжірибе және пікір алмасты. Сондай-ақ, 2023-2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жалпыұлттық жолдауын іске асыру шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.