Мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы: ЕАЭО-да құрылыс материалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы: ЕАЭО-да құрылыс материалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ЕАЭО-ның "Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін әзірлеу жөніндегі мемлекетаралық жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа Қазақстаннан Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары М. З. Андаков қатысты. Жобаны талқылау шеңберінде Мұхамед Задинович Қазақстан Республикасының ұстанымын, яғни жобаны бұрын аталған ескертулермен сәйкестендіруге, сондай-ақ жобаны болашақта жария талқылау үшін жұмыс тобының барлық мүдделі тараптарының келісу қажеттілігін жеткізді.

 

Мақсат - қабылданғаннан кейін техникалық регламентке қосымша өзгерістер мен түзетулер енгізу рәсімін болдырмау. Техникалық регламент - бұл өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, оны өндіру процестеріне, буып-түюге, таңбалауға және пайдалануға қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құжат. Осы орайда Мұхамед Задинович техникалық регламентті әзірлеудің негізгі қағидаты түпкі тұтынушы үшін құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ құрылыс материалдары бойынша ЕАЭО елдерінің ұлттық нарықтарының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру қажет.